Бұрынғы Мемлекет басшысы алдын ала болжам бойынша өкпе инфекциясы сырқатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды франциялық БАҚ.
Le Parisien газетінің мәліметі бойынша, 83 жастағы Ширак Мароккода демалыста болған, сол кезде оның денсаулығы күрт нашарлаған. Кейін Парижге Марокко королінің жеке ұшағымен жеткізілген.
Ширак бірден Париждегі Питье-Сальпетриер ауруханасына жатқызылды. Франс пресс агенттігі оның туыстарына сілтемемен таратқан мәліметке сенсек, ол есін біледі.