Іссапардың негізгі мақсаты – Қазақстанмен жаңасеріктестік қарым-қатынастар орнатып, ынтымақтастықты нығайту.
«Бізде ядролық салада, ұшақ шығаруда (Airbus),құжаттама қауіпсіздігі, энергетика (Total) саласында ынтымақтастық орнатылған. Барлықжобаларымыздың сәтті жүзеге асқанын қалаймыз», - деді Франция министріастанадағы «Электровоз құрастыру зауытында» тілшілерге берген сұхбатында.
Министр теміржол көлігіне жүйелер менқұрал-жабдықтар шығаратын франциялық Alstom компаниясының Нұр-Сұлтандағыжұмысымен танысты.
«Бұл зауыт Қазақстан мен Франция арасындағыэкономикалық ынтымақтастықтың айғағы іспеттес. Темір жолды дамыту саласындағысеріктестік біздің еліміз үшін маңызды стратегиялық бағыт болып саналады. Менүшін Әзербайжанға экспортқа бағытталған локомотивтің салтанатты ашылуына қатысу– үлкен ғанибет. Екі ел арасындағы теміржол саласындағы серіктестікқарым-қатынасты жалғастырамыз. Атап айтқанда, жолаушылар және жүклокомотивтерін өндіру және сигнализация салаларында. Дабыл қағу бойынша біз үшін маңызды жобалар бар. Alstomкомпаниясының Қазақстанның темір жол вокзалдарын дабыл қағу жүйесіменжабдықтауын қалаймыз», - деді ол.
Сапар барысында Францияның экономика және қаржыминистрі Брюно Ле Мэр «Электровоз құрастыру зауытының» өндірістік бөліктеріментанысты. Оған Әзербайжан темір жолымен келісімшарт аясында әзірленген №Z8A0008локомотивін көрсетті. Аталған келісімшартқа сәйкес, Әзербайжанға 50 локомотивқұрастырылмақ.
Бүгін Франция министрі ҚР Президенті Қасым-ЖомартТоқаевпен, ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминмен және ҚР Премьер-Министрініңорынбасары Жеңіс Қасымбекпен кездеседі.