Францияның ІІМ басшысы қыздарына қатысты дауға байланысты қызметінен кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Ішкі істер министрі Брюно Ле Ру қыздарын парламентте көмекші ретінде жұмысқа тұрғызды деген дауға байланысты қызметінен кетті, деп хабарлайды dw.com .

Франция президенті Франсуа Олланд Ле Рудың отставкасын қабыл алды, оның орнына сыртқы сауда бойынша мемлекеттік хатшы Маттиаса Фекляны тағайындады.

Брюно Ле Ру ішкі істер министрлігін үш жарым айдай уақыт басқарды. Ол  қызметінен бас тартардың алдында Франция прокуратурасы Ле Рудың қыздарын жұмысқа тұруына қатысты тергеуді бастаған болатын. Қыздардың жастары 15 және 16-да. Олар бірнеше мәрте қысқа мерзімге әкесінің парламенттегі көмекшілері ретінде жұмысқа қабылданған.