Францияның Лилль қаласында белгісіз біреу атыс ұйымдастырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Лилль қаласында атыс болып, үш адам жарақат алды. Зардап шеккендердің ішінде 14 жастағы жасөспірім бар.

  La Voix du Nord басылымы хабарлағандай, атыс қаланың оңтүстігіндегі Porte d'Arras метросы стансасы аумағында болды. Жергілікті билік Franceinfo басылымының ақпаратын растады.  

14 жастағы жасөспірімнің аяғына оқ тиген. Тағы біреуі мойнынан жарақат алды. Олар ауруханаға жеткізілді. Үшінші адам Saint-Vincent-de-Paul ауруханасына өзі барған.

 France Bleu Nord  радиосы оқ атқан адам оқиға орнынан бой тасалағанын хабарлады.  Радиостансаның ақпаратына сәйкес, атыс полиция жұмыс істейтін орындағы автотұрақта болған. Ол жерден он шақты гильза табылды.   

  La Voix du Nord ақпаратына сүйенсек, алдын ала дерекке сәйкес оқ атқан адам біреумен есеп айырыспақшы болған.