Аталған ақпаратты жұма күні Рона департаментінің префектурасы растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қытайдың Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Өрт Лион қаласының маңындағы Вольс-ан-Велене елді мекеніндегі 8 қабатты тұрғын үйден жергілікті уақыт бойынша, таңғы сағат 03:01-де шыққан, деп хабарлады жергілікті әкімшілік өкілдері.
Префектура өкілдері өртпен күреске 170 өрт сөндіруші жұмылдырылғаннын хабарлады.
Өрттің шығу себебін анықтау бойынша тергеу жүріп жатыр.