Вокзалда жүрген адамдарға атылған оқтан 4 адам мерт болды. Қарулы шабуылдың салдарынан әйел мен оның 3 және 5 жастағы балалары құрбан болды. Олардың барлығы жергілікті тұрғындар. Соңынан тағы төртінші адамның құрбан болғаны белгілі болды.
Атысты ұйымдастырушылар туралы мәліметтер екіге бөлініп отыр. Бұқаралық ақпарат құралдарының бірі шабуылдаушылардың екеу болғаны және біреуінің оқиға орнынан қашып кеткені туралы жазса, тағы бір ақпарат құралдарында құрбан болған төртінші азаматтың шабуылдаушылардың бірі болғандығы айтылады. Ол мерт болғандардың туысы немесе жақыны болған. Ол алдымен өзінің отбасы мүшелерін атып өлтіріп, артынан өзіне қол салған.
Оқиға орнында полицияның жедел өкілдері жүмыс істеді. Вокзал ғимараты қоршауға алынып, оқиға ізін суытпастан іздестіру жұмыстары басталған. Қанды оқиғаның себеп-салдары әзірге белгісіз.