Бұл туралы аймақтық Est Republicain басылымы хабарлады. Полицияға шіркеу маңында күдікті көлік қалдырылғаны жайлы хабар түскен.
Тәртіп сақшылары шіркеудегі адамдардың барлығын қауіпсіз жерге шығарды. Ғимарат маңында радиусы 200 метр қауіпсіздік аймағы құрылды. Артынша көлік иесі келген. Алайда полиция көлікті тексергенге дейін оны темір тұлпарға жолатпады.
Атап өтер жайт, биылғы Франциядағы Рождество алғаш рет төтенше жағдай кезінде өтіп жатыр. 24 желтоқсанның кешінен ел бойынша шіркеу күзеті күшейтілді. Діни нысандардың қауіпсіздігін муниципалдық полициядан бөлек 50 мың полицей қамтамасыз етеді, деп хабарлады ТАСС.
Қалаларда тәулік бойы кезекшілік өткізу үшін 120 мың полицей, жандарм және әскерилер жұмылдырылды.