Францияның ПСЖ командасы «Челсиді» жеңіп, Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық "Челси" Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жауапты матчында өз алаңында француздық ПСЖ-дан жеңілді, деп хабарлады Vesti.kz.

Лондонда "Стэмфорд Бридж" стадионында өткен ойын 1:2 есебімен аяқталды. Басылым ақпаратынша, есеп ойынның 17 минутында ашылды, гол авторы Адриен Рабьо болды.

27 минутта "Челси" шабуылын Диего Коста сәтті аяқтады. Бірінші матч ПСЖ (2:1) жеңісімен аяқталған. Осылайша, париждік клуб 4:2 жалпы есебімен ширек финалға өтті.

Осыған дейін "Бенфика" "Зенитті" өз алаңында жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне өткен. Ал оған дейін екі ойында да қарсыластарын тізе бүктірген мадридтік "Реал" мен немістің "Вольфсбургі" 1/4 финалға жолдама алды. Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы қалған төрт кездесу келесі аптада өтеді.