Әсіресе елдің солтүстігіндегі автокөлік жүргізушілері қатты зардап шекті.
Жұмыс істейтін жанармай құю стансаларын іздеген көліктерден ұзын-сонар кептеліс пайда болды.
Жергілікті биліктің мәліметінше Франциядағы жанармай құю бекеттерінің 15 пайызында ғана шектеулі мөлшерде жанармай бар.
Бірқатар басқармаларда басым мамандықтардың автокөлік иелеріне, атап айтқанда, дәрігерлерге арналған жанармай құю бекеттері құрылған.
Жоғары инфляцияға байланысты TotalEnergies қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп отыр.
Кәсіподақтар мұнайшылар тобының жыл басынан бері алған қыруар пайдасына тоқталып, оны әділ бөлуді талап етеді.