Оның тойына рұқсатты президент Олландтың өзі берген. Үйленетін жігіттің өмірден өтіп кетуіне байланысты, бұл іске мемлекет басшысының өзі араласқан. Күйеу жігіт Мишель екі жыл бұрын жүрегі ұстап, қаза болған. Соған қарамастан, Паскаль оған тұрмысқа шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Франция жер шарындағы тірілердің өлі адамдармен үйленуіне рұқсат беретін аз елдердің қатарынан.
«Бұл ең қарапайым үйлену тойы болады. Айырмашылығы тойда Мишельдің орнына оның суреті қатысады. Ол қасымда болмаса да, мен үшін оның орны бөлек», - дейді Паскаль Лиар.
Францияда марқұмдармен некеге тұру үшін президенттің жеке рұқсаты керек. Рұқсат тек некенің шынайы мүмкін екендігін дәлелдеген кезде беріледі. Паскаль Елисей сарайына оның Мишельға тұрмысқа шығуына рұқсат етуін сұрап, төрт хат жолдаған. Күйеу жігіттің өлімі президенттің 2012 жылы президенттік кампаниясының аяқталуымен тұспа-тұс келген. Кейін оның орнына жаңа президент келіп, бір сөзбен айтқанда, бұл хатқа қарайтын уақыты болмаған. «Төртінші рет жолданған өтінішті қарауға Франсуа Олландық қолы енді ғана босаған» делінген басылым таратқан хабарда.