Карикатурашы, Шарб деген бүркеншік атпен қызмет істейтін басылым редакторы карикатураны "есінен танғысы келетіндерді шошытады" деп мәлімдеді. Бұл туралы BAG.KZ жазады.
Францияның сыртқы істер министрлігі карикатураға мұсылмандардың наразылық танытуы мүмкін деп шетелдердегі дипломатиялық миссияларының қауіпсіздігін күшейтуге тапсырма берді.
Карикатура АҚШ-та түсірілген исламға қарсы "Мұсылмандардың күнәсіздігі" атты фильмге әлем мұсылмандары наразылық танытып жатқан тұста жарық көріп отыр. Бірнеше елдерде мұсылмандар аталған фильмге қарсылық танытып, оның салдарынан түрлі елде жиыны 19 адам қаза тапты. Олардың арасында АҚШ-тың Ливиядағы елшісі мен үш дипломаты бар.