2010 жылы ол қызға бірден ішкі жеті органына ота жасалып, соның ішінде бауыры мен бүйрегі ауыстырылған болатын. Қазір ол өзін сергек сезінеді және толыққанды өмір сүре алады, дегенмен ол оқтын-оқтын өзінің жаңа органдарының қызметін тексертіп тұруы тиіс.
Биомедицина профессоры Оливье Бастьен «2007 жылдан бастап, бізде ішкі органдарды ауыстыру бойынша сегіз күрделі ота жасалды. Бұл - тамаша жетістік», - деп атап өтті.
Осы сегіз отаның екеуі балаларға жасалған. Бір қыздың өзіне бірден жеті ішкі органы ауыстырылған. Кішкентай неміс қызы Гиршпрунг сырқаты деген сирек кезедесетін ауруға ұшыраған болатын. Оны туғаннан бастап жасанды жолмен тамақтандырған. Қыздың тоқ ішегінің дамуында кемістік пайда болып, көптеген ішкі органдарының қалыпты жұмыс істеуі қиындаған.