Француз кеден қызметі құны 27,4 млн доллардан асатын Пикассоның картинасын тәркіледі
14:35, 04 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Француз кеденшілері Корсика аралында кем дегенде 27,4 млн долларға бағаланатын Пабло Пикассоның картинасын тәркіледі.
"Жас әйелдің портреті " кемеден табылған. Оның капитаны иесінің рұқсатымен Испаниядан Швейцарияға апара жатқанын айтты.
Алайда шығаруға рұқсат беретін ресми құжатты ол көрсете алмады. Сонымен қатар, картинаның құжаттарынан кеденшілер испандық соттың бұл туындыны елден шығаруға тыйым салған шешімін тауып алды.
Картина испаниялық банкир Хайме Ботенға тиесілі, алайда испандық билік оны ұлттық құндылық деп есептейді.
Қазір француз кеденшілері Мадридтен картинаны қайтаруды ресми түрде сұрауын күтіп отыр, деп жазды Би-би-си.