Бұл жайында БҰҰның қоршаған ортан қорғау бағдарламасының сайтында айтылған.
Шевраның бағдары Кенияның астанасы Найробиден басталып, Танзания, Замбия, Зимбабве, Ботсвана мемлекеттерін басып өтіп, біржарым айдан кейін Оңтүстік Африка Республикасының Йоханнесбург қаласында аяқталады. Айта кетерлігі, бұл француздық саясатшының үшінші сапары. Ол бұған дейін 2008 жылы экологиялық таза мотоциклмен Франциядан Қазақстанға сапарлаған болатын. Одан кейін 2010 жылы электромобильмен Шанхайдан Парижге дейінгі аралықтағы 13,5 мың шақырым жолды жүріп өткен еді. Оның атап өтуінше, осы сапары барысында ол электр энергиясына небәрі 200 доллар жұмсаған. Ал егерде дәл осы аралықты дизельді көлікпен жүріп өтер болса, оған шамамен 4 мың доллар жаратылар еді.