Француз монархтарының тәжіндегі гауһартас 14,5 млн долларға сатылды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Женевадағы Christie's аукционында екі ғасырдан астам уақыт француз монархтарының тәждерін әсемдеген «Ұлы Мазарини» гауһартасы 14,5 млн долларға сатылды. Бұл туралы DPA агенттігі хабарлайды.

Салмағы 18 карат болатын қызғылт гауһартастың алғашқы құны $6-9 млн болған, бірақ аукционның соңында, ол екі есе бағаға сатылды. |Қымбат бұйымның иесінің аты-жөні жарияланған жоқ.

Гауһартас XVII  ғасырдағы итальян кардиналы және дипломаты Джулио Мазариниға тиесілі болған. Тарихшылардың айтуынша, ол қайтыс болардан алдын асыл тасты  XIV Людовикке берген.

Фото: © AP Photo/Tim Ireland