Француз прокуратурасының өкілі Рейтер агенттігіне Әбіләзовтің украин тарапының өтінішіне орай тұтқындалғандықтан, сірә, Украинаға экстрадициялануы мүмкін екенін хабарлады..
БТА банкінің бұрынғы директорлар кеңесінің басшысын, қазақстандық үкіметтің бұрынғы министрін экстрадициялауға бірден үш ел: Қазақстан, Ресей және Украина қол жеткізуге тырысып отыр.
Қазақстанда олигархты қызмет бабын асыра пайдаланып, бюджеттік ақшаны ұрлауға және жасырын коммерциялық қызметпен айналысуға айыпты деп таныды.
Ресейде Әбіләзов БТА-банкінің активтерін заңсыз шетелге шығарғаны және алаяқтығы үшін айыпталып, сырттай тұтқындалды.
Украинаның құқық қорғау органдары Әбіләзовке банктің украин филиалының қызметіне қатысты айып тағып отыр.
Сонымен бірге, Британ билігі бұрын Әбіләзовқа саяси баспана берген болатын, 2012 жылы Лондонда сот Әбіләзовті сотты сыйламағаны үшін сырттай тұтқындады.
Әбіләзовтің өзі Қазақстан билігі оны оппозициялық партияларға қаржылық қолдау көрсеткені үшін қудалауда деген сендіреді.