3Dvarius - 3D-принтермен басылған электрлі скрипка. Ресми түрде берілген ақпаратқа орай, аталған музыкалық аспап 3D-басылым технологиясы негізінде құрастырылған. 3D-принтер скрипканың нақты қаңқасын жасай алғанымен дәстүрлі скрипканың толық нұсқасына ұқсамайды. Дегенмен оның сыртқы көрінісі заманауи дизайн үлгісі деп танылды.
Бір қызығы, музыкалық аспапқа түс берілмеген. Құрастырушылардың айтуынша, баспадан шыққан күңгірт-ақ түс өзге әрлеуді қажет етпейді. Себебі бұл оның нақты қай технология негізінде жасалғанын айғақтап тұрады, деп жазады massaget.kz.