Қаулы мәтінінде баяндалғандай, әлеуметтік желілердегі достық бұл сөздің тура мағынасында қабылданбайды.
Аталған шешімді сот француз заңгерінің адвокаттар алқасындағы алты мүшені шығару жөніндегі талап арызын қарау кезінде қабылдады. Арызданушы олардың Фейсбук желісінде бір-бірімен дос екенін және бұл олардың «пікір бейтараптылығына» ықпалын тигізетінін айтқан.
Сот заңгердің бұл уәжімен келіспеді және «әлеуметтік желілердегі достық алқа шешіміне еш ықпалын тигізбейді» деп ұйғарды.