«Осыдан 40 жыл бұрын Францияда «Қыз Жібектің» француз тіліндегі нұсқасының премьерасы болды. Үш сағат отырдық. Сонда бірде-бір адам залдан шыққан жоқ. Бәрі басынан аяғына дейін қарап шықты. Оларды батырлық эпос, лироэпос деген болмайды екен. Фильмнің соңында бір үлкен профессор шығып, қазақтың тариxын аздап айтты. Көптеген сұрақтар қойылды. Киім-кешек туралы, үрдіс, тәртіп туралы... Сонда сұрағаны, фильмдегі киімді қазақтың қыздары киіп жүре ме? Жоқ, енді бұл тариxи фильмдер, осылай түсіріледі дедік. Сонда айтқандары, әттеген-ай киюге болатын киімдер ғой, қыздарға қандай жарасады. Қай ғасырдағы киімдер екенін сұрады. Мен айттым, бұл 15-16-ші ғасырлар. Сол ғасырда қазақтың мәдениеті мынадай болса, қазір қандай дәрежеге өскені белгілі деп бізге баға берген. Риза болып қайттық. Міне, киноның маңыздылығын осыдан-ақ түсінуге болады. Сондықтан киноөнерден ештеңе аямау қажет», - деді Әшімов.
Айта кетейік, отырыс барысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы отандық киноиндустрияны дамыту мәселелері бойынша баяндама жасады.
Ал Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың ойынша, отандық киноиндустрия саласына бизнесті көптеп тартып, моноқалалар мен шағын қалаларда кинотеатрларды көптеп ашу қажет.