Париждің «Фигаро» газетінің мәліметтері бойынша бұл мәселе республиканың мәдениет және коммуникация министрлігі мен Ұлттық ескерткіштер орталығы өкілдерінің қатысумен өткен соңғы жиында көтерілді.
«Ғибадатханаға кіру үшін неліктен төлем енгізбеске, сонымен бірге, діни жораларды тегін орындауға кепілдік беріледі», - деп келтіреді кездесуге қатысушылардың бірінің сөзінен басылым.
Аталмыш идеяны жақтаушылардың пікірінше, осылайша биліктегілер барлық ірі 77 француз соборын ұстау үшін қажетті қаржыны жинап алар еді. Алайда билік «Фигароның» жазуынша, әзірге осы мәселе бойынша нақты бір шешім қабылдаған жоқ.