Француз БАҚ-тарының компанияның баспасөз хатшысына сілтеме жасап хабарлауынша, қайғылы оқиға елдің оңтүстігіндегі Экс ан Прованс қаласында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.
Ж.Багардың өмірмен қоштасу себебі хабарланған жоқ. Сондай-ақ кәсіпкердің қайтыс болар алдында жазба қалдырғаны туралы да мәлімет жоқ.
50 жастағы Ж.Багар француздың Нанси қаласындағы Бизнес мектебінде білім алған. Ол бірқатар жыл АҚШ-та тұрған, ал 2001 жылдан бастап Coca Cola Enterprise компаниясында жұмыс жасай бастады. Әуелі сату жөніндегі директор қызметінде болды, кейін коммерциялық бөлімді басқарды, ал 2007 жылдан бастап бүкіл француздық бөлімшеге басшылық етіп келді.
Багардың артында әйелі мен екі баласы қалды.