Полицияның хабарлауынша, оқ жүріп бара жатқан көліктен атылған. Куәгерлердің айтуынша, қаланың басты полицейлік учаскесі маңында онға жуық рет оқ атылған.
«Қылмыскерлер туралы нақты ақпарат жоқ. Біздіңше, бұл жерде жергілікті криминалдық топтың қатысы бар», делінген тергеу өкілінің БАҚ-қа берген мәлімдемесінде.
Атыс Фридрих Штольц алаңы маңында болған. Оқиға орнын полиция қоршауға алды. Ол жерде незігінен мейрамхана, кафелер орналасқан.
© AP Photo/ Michael Probst
02:01, 06 Мамыр 2016
Франкфурт қаласында атыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Майндағы Франкфурт қаласында белгісіз біреулер көліктен оқ атып, 3 адамды жаралады, оның екеуінің жағдайы ауыр, деп хабарлады ВВС агенттігі.