Ауқымды шараға 30-дан астам қазақстандық баспагер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
Жәрмеңке аясында Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне», Оразалы Сәбденнің «Әлем, Абай, жасанды интеллект жолы» кітаптары, сондай-ақ «Димаш Құдайберген: Шексіз музыка», «BÖRTE. Ұлы Дала патшайымы», «Ахмет Кенесарин. Сұлтан Сыдықтың шежіресі» және «Уәли хан дәуірі және Абылай ханның ұрпақтары» туындыларының таныстырылымы өтті.
Бағдарлама барысында сарапшылар көркем аударма мәселелерін талқылады. Ал Contemporary Voices of Kazakhstan әдеби кездесуінде оқырмандар қазіргі қазақ әдебиетінің жаңа өкілдерімен танысты. Сонымен бірге Қазақстанның Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулының міндетін атқарушы Мұрат Тәукебаев ұлттық стендті аралап, отандық делегация өкілдерімен жүздесті.
Жәрмеңке аясында қазақстандық баспагерлер шетелдік әріптестерімен отандық әдебиетті халықаралық деңгейде таныту, кәсіби тәжірибе алмасу және ортақ жобаларды жүзеге асыру бағытында келіссөздер жүргізді.
Осыған дейін қазақ жазушысының кітаптары мұхит асып, АҚШ-тың 31 штатынан бір-ақ шыққаны туралы жаздық.