Франсуа Фийон: Мұнай - Қазақстан үшін үлкен бақыт қана емес, үлкен сынақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның бұрынғы премьер-министрі Франсуа Фийон Қазақстанның бай мұнай қоры мемлекет алдында үлкен сынақ деп есептейді. Бұл туралы ол бүгін KAZENERGY Еуразиялық форумында мәлім етті.

«Қазақстан - бақытты мемлекет. Себебі жер қойнауы өте бай. Қазақстан уран өндірісі бойынша көшбасшы саналады. Әлем бойынша мұнай қоры бай мемлекеттердің үштігіне енеді. Экспортының 60 пайызы мұнай болып табылады. Бұл - өте жақсы мүмкіндік. Ол - сонымен қатар үлкен сынақ. Мұнай бағасы қазіргі уақытта барреліне 35 долларға дейін құлдырады. Мемлекетке қысқа уақыттың ішінде бейімделуі тиіс. ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу де осыған байланысты. Оның ұраны - Болашақ энергиясы. Ол осы трансформацияны қалай өткізу керек деген сауалға жауап іздеп тұрғандай. Қазақстан 85 пайыз энергияны жер қойнауы байлығы есебінен алады, дегенмен болашақта трансформация жасауға үлкен мүмкіндігі бар», - деп атап өтті Ф.Фийон.

Оның сөзіне қарағанда, трансформация Қазақстанда басталып кеткендігін ерекше атап өтті. Енді оның қаншалықты сәтсіз өткендігін болашақта бағалауға болады.

«Еуропада трансформация үдерісі сәтсіз болды. 2008 жылғы дағдарыс оны бізге анық аңғартты. Экономикамыз толығымен құлдырап кетті деуге болады. Дегенмен, уақыт өте келе біз бейімделе бастадық. Көмірқышқыл газының ауаға зиянды заттардың таралуы азайып келеді. Саясат та біздің шығындарымызды қысқартуға арналған нақты тетіктерді жасап келеді. Біздің шешімдеріміз бен таңдауларымыздың геосаяси ауқымы мен оның негізгі бағыттарын өзге елдермен де жүргізуіміз керек. Еуропа мен Азияның қарым-қатынасы дами түседі. Осы тұрғыда Қазақстан - Азиядағы біздің басымдыққа ие әріптестеріміздің бірі», - дейді саясаткер.