Айта кеткен жөн, бұрғынғы премьер-министр төңірегіндегі дау қаңтарда шыққан болатын. Ол кезде жергілікті басылымдардың бірі мақала жария еткен еді. Онда саясаткер Ұлттық ассамблея депутаты болғанда, әйелін көмекшісі ретінде қызметке алғаны туралы жазылған.
Алайда шын мәнісінде, оның жары жұмыс істемей, 8 жыл бойы жоғары жалақы алып келген деген күдік бар. Сонымен қоса, Франция президентіне үміткер ұлы мен қызына қатысты да осындай айлаға барған болуы мүмкін.
24 ақпанда қаржы прокуратурасы бұл мәселеге қатысты тергеу бастаған. Ал жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, халықтың 70 пайыздан астамы Фийон мырзаның биыл көктемде өтетін президенттік сайлауға қатысқанын қаламайды екен.