«Президент мешіт имамы Далил Бубакермен және Француздың мұсылман діні кеңесінің басшысы Анвар Кбибешпен әңгімелесті, деп хабарлады Олландтың төңірегіндегі өкілдер.
Осы демалыс күндері Францияның бүкіл аумағындағы жүздеген мешіттер 2015 жылғы қаңтарда және қарашада исламшылар қолынан қаза тапқан отандастарына қайғырған француздармен ынтымақтастық белгісі ретінде өздерінің есіктерін айқара ашуға ұйғарды.
«Біз ислам - ашық дін екенін және діни ұрандарды жамылып, лаңкестік актілер ұйымдастыратын және адамдарды өлтіріп жатқан экстремистермен ешқандай ортақ ештеңеміз жоқ екенін көрсеткіміз келеді», - деді Кбебиш.
Осы демалыс күндері мешіттерге келушілердің бәріне шай мен тәттілер ұсынылды, сондай-ақ олар ислам тарихы жөнінде дәрістер, діни уағыздарды тыңдады, имамдармен әңгімелесті.
Қоғамдық акцияларға Париж собор мешітімен қатар шағын құлшылық ету орындары да белсене қатысты.