Франция Афиныдағы салтанатты іс-шарада Олимпиада алауын қабылдады
АСТАНА. KAZINFORM – Грекия Олимпиада комитеті Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін 2024 жылғы жазғы Олимпиада алауын Францияға ресми түрде тапсырды, деп хабарлайды ВВС.
Фото: ЕРА
Алауды тапсыру рәсімі 19 ғасырдың соңында бірінші заманауи Олимпиада ойындары өткен Панатинаикос ежелгі мәрмәр стадионында өтті.
Бұған дейін Грекияда 11 күн бойы Олимпиада алауының эстафетасы өтті.
Фото: ЕРА
Француз делегациясы алауды қабылдағаннан кейін ол кемемен Марсельге жеткізіледі. Оған 8 мамырда жетіп, содан кейін эстафета Франция аумағында басталады.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Еңбек жолын Ақмола облысы Целиноград аудандық «Ұран», «Призыв» газеттерінде тілші болып бастаған. Kazinform ақпарат агенттігінде 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді.