Франция әскердегі мерзімді қызметті қайтаруды жоспарлап отыр
АСТАНА. KAZINFORM — Францияда міндетті мерзімді әскери қызметке шақыру жүйесі тоқтатылғанына шамамен отыз жыл болды, қазіргі әскер толық кәсіби негізде жұмыс істейді, деп хабарлайды BILD.
La Tribune газетінің мәліметінше, жаңа ерікті әскери қызмет 10 айға созылады және ол ерлерге де, әйелдерге де қатысты болмақ.
Осылайша Франция өз әскери резервін қалыптастырады. Еріктілерге айына 900–1000 еуро төленеді. Бірінші жылы ел 2000–3000 рекрут жинауды жоспарлап отыр. 2030–2035 жылдары бұл сан 10 000–50 000 адамға дейін өсуі тиіс.
Қазір Францияда шамамен 205 000 әскери қызметкер бар, олардың ішінде небәрі 47 000-ы — резервистер. 2030 жылға дейін резерв саны 80 000-ға дейін жеткізілмек.
Айта кетелік Францияда зейнеткерлік жас 64-ке дейін көтерілмейтіні туралы жазған едік.