Басылымның мәліметінше, тергеу Масктың 20 сәуірге белгіленген жауап алу отырысына келмеуіне байланысты болды. Істің бөлігі ретінде X компаниясының бұрынғы бас директоры Линда Яккариноның әрекеті де тергеліп жатыр.
X компаниясының адвокаты Ками Аэри түсінік беру туралы өтінішке жауап бермеді.
Бұған дейін Париж прокуратурасы X компаниясының Франциядағы кеңселерінде Еуропалық полициямен және Франция жандармериясының киберқылмыс бөлімімен бірлесіп тінту жүргізгенін хабарлаған болатын. Agence France-Presse ақпарат агенттігінің хабарлауынша, тергеу әлеуметтік желінің алгоритмдеріне қатысты шағымдардан кейін 2025 жылдың қаңтарында басталған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Франция соты Илон Маскті X әлеуметтік желісіне қатысты іс бойынша тергейтіні хабарланған.