Франция премьер-министрі Элизабет Борн отставкаға кетті

Фото: Alexis Sciard / www.globallookpress.com

Элизабет Борн Францияның премьер-министрі қызметінен кетті. Бұл туралы Елисей сарайының мәлімдемесінде айтылған. Онда ел президенті Эммануэль Макронның отставканы қабылдап, Борнға атқарған жұмысы үшін алғыс білдірген. Kazinform бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Мемлекет басшысы Элизабет Борнның «өз ісіне адалдығы мен табандылығын» атап өтті.

Елисей сарайы Борн жаңа үкімет тағайындалғанға дейін өз міндетін атқара беретінін айтты.

Айта кетейік, Борн Францияның министрлер кабинетін 2022 жылдың мамыр айынан бері басқарып келді.