Франция Президенті Эмманюэль Макрон ресми сапармен Қазақстанға келді
11:02, 01 Қараша 2023
Мәртебелі мейманды елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды, деп хабарлайды Kazinform
Қысқаша әңгіме барысында Үкімет басшысы Эмманюэль Макронның бұл сапары Астана мен Париж арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, екі елдің көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізіп, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.
Сондай-ақ бұған дейін Қазақстан мен Францияның қарым-қатынас перспективалары, Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен не үшін келгені туралы материал жариялаған болатынбыз.