Франция президенті Павел Дуровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді
ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция президенті Эммануэль Макрон Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты ұстауға қатысты мәлімдеме жасады.
Бұл – француз билігінің алғашқы қоғамдық пікірі.
Дуровтың Францияда ұсталғаны 25 тамызға қараған түні белгілі болды. Француз ақпарат құралдарының хабарлауынша, Дуров Бакуден жеке ұшағымен келген Ле-Бурже әуежайында ұсталған.
– Заң үстемдігі жағдайында, нақты өмірдегі сияқты әлеуметтік желілерде азаматтарды қорғау және олардың негізгі құқықтарын сақтау үшін бостандықтар заңмен белгіленген шеңберде жүзеге асырылады. Францияда Telegram басшысын қамауға алу – жүргізіліп жатқан сот тергеуі аясында орын алды. Бұл саяси шешім емес. Шешімді судьялар қабылдайды, – деп қосты Франция президенті.
Telegram негізін қалаушысында Ресеймен қатар Франция азаматтығы да бар. Сондай-ақ оның Сент-Китс пен Невис аралды мемлекеті, сондай-ақ Telegram штаб-пәтері орналасқан БАӘ азаматтығы бар екені хабарланды.
Француздық TF1 телеарнасының хабарлауынша, Дуров Францияда іздеуде жарияланғаннан кейін, біраз уақытқа дейін елге барудан бас тартқан. Оның бұл жолы Францияға не үшін барғаны белгісіз.
Айта кетейік, Telegram Павел Дуровтың ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады.
Сот Павел Дуровтың қамаудағы мерзімін ұзартты.