Франция прокуратурасы Дуровқа АҚШ-қа баруға рұқсат бермеді

Фото: Фото: instagram.com/durov

БРЮССЕЛЬ. KAZINFORM – Франция билігі Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың АҚШ-қа инвестициялық қорлармен келіссөз жүргізуге бармақшы болып, рұқсат сұраған өтінішін қабылдамады. Бұл туралы Politico басылымы хабарлады, деп жазды ТАСС.

Басылымның жазуынша, Дуров Франция билігі рұқсат етсе ғана елден шыға алады. Прокуратура өкілдерінің мәліметінше, бұған дейін ол 15 наурыз бен 7 сәуір аралығында Дубайға баруға рұқсат алған.

Францияның барлау қызметі Румыниядағы сайлауға ықпал етуді өтінгені жалған 

Бұған дейін Дуров Францияның Сыртқы барлау бас басқармасының жетекшісі Николя Лернер көктемде Румыниядағы президенттік сайлау алдында консервативтік көзқарастағы румын арналарының үнін өшіруді сұрағанын, алайда бұл өтініш орындалмағанын айтылған. Ал Францияның барлау қызметі бұл мәліметті жоққа шығарды.

2023 жылдың 24 тамызында Дуров Париждегі Ле-Бурже әуежайында бірнеше айыппен ұсталды. Атап айтқанда, ол қылмыстық топ құрамында заңсыз қаржылық операциялар жасауға мүмкіндік берген онлайн платформа әкімшілігіне қатысы бар деген күдікке ілінген. Париж прокуратурасының мәлімдеуінше, мұндай құқықбұзушылық үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және €500 мың айыппұл көзделген.

Тергеу судьясының шешімімен кәсіпкерге сот бақылауы тағайындалып, €5 млн кепіл енгізу міндеттелді. Сонымен қатар, ол апта сайын екі рет полиция бөлімшесіне барып тұруға және Франция аумағынан шығуға тыйым салынған.

Наурыз айының соңында Дуровқа уақытша Франциядан шығуға рұқсат беріліп, ол Дубайға ұшып кеткен. Сот бақылауына сәйкес, 7 сәуірде Францияға оралуы тиіс болған. Париж прокуратурасы ТАСС агенттігіне Дуровтың сот бақылау шарттарын бұзғаны жөнінде еш хабар түспегенін, бірақ оның қазіргі уақытта Францияда екені нақты белгісіз екенін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павел Дуров Telegram Еуропалық Одақ заңын бұзды деген айыппен келіспейтінін, әділетсіздік екенін жазған еді.