Аталған іске қатысты жаңа фактілердің беті ашылғаны белігілі болып отыр.
Париж прокуратурасы 2025 жылы басталған тергеу шеңберінде Илон Масктың бүгін жауап беруге шақырылғанын, ал X компаниясының бұрынғы топ-менеджері Линда Яккариноның 24 сәуірге шақырылғанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, прокуратура егер Маск тергеуге келмей қалса, істің барысына әсер етпейтінін атап өтті.
Бұл іс 2025 жылы Еуропарламент депутаты Эрик Боторель X платформасына қатысты көптеген шағымдарға байланысты арыз бергеннен кейін қозғалған.
Тергеу аясында 2026 жылғы ақпанда Париждегі X кеңселерінде тінту жүргізілген. Бұл жағдай бұған дейін Масктың қатаң сынына себеп болған.
Еске сала кетейік, жақында SpaceX акциялары IPO-да сатылса, Илон Маск тарихтағы алғашқы триллионер атанатыны белгілі болды.