Салдарынан үш бала жарақат алды. Екеуінің жағдайы ауыр, ал біреуі көз жұмды.
BFMTV арнасының хабарлауынша, шабуыл бейсенбі күні таңертең Нотр-Дам де Туте Аид орта мектебінде болған. Оқиға орнына жедел жеткен жергілікті полиция қызметкерлері қарулы жасөспірімді қолға түсірді.
Шабуыл жасаған 15 жастағы П. Джастиннің аталған оқу ордасының оқушысы екені анықталды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Үндістанда туристерге жасалған шабуылдан бірнеше адам қаза тапқанын жазған едік.