Францияда аномальды ыстыққа байланысты 1350-ге жуық мектеп уақытша жабылды

Фото: Anadolu

АСТАНА. KAZINFORM — Францияда қатты аптап ыстық салдарынан шамамен 1350 мектептің жұмысы уақытша тоқтатылды, деп жазады Anadolu

Жергілікті биліктің хабарлауынша, қолайсыз ауа райына байланысты кейбір оқу орындары бір күнге толық немесе жартылай жабылған.

Météo-France метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, елдің 16 департаментінде, соның ішінде Парижде, ауа райына байланысты ең жоғары — қызыл деңгейдегі дабыл жарияланған. Тағы 68 департаментте аптапқа байланысты «сары» деңгей белгіленген.

Күні бойы ауа температурасы 20-дан 41 градусқа дейін жетуі мүмкін деп күтілуде.

Бұған дейін аптап ыстық Германияға жеткенін жаздық.