Францияда балаларға әлеуметтік желілерге кіруге тыйым салынуы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM — Бұл шара Парламентте талқыланатын екі баптан тұратын заң жобасында қамтылған, деп хабарлайды Agenzia Nova.
Француз үкіметі биылдан бастап 15 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салуды көздеп отыр. Бұл шара жылдың басында парламентте талқыланатын екі баптан тұратын заң жобасында қамтылған.
Заң жобасы онлайн платформаларда 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желі қызметтерін көрсетуге тыйым салады. Құжатта жасөспірімдер арасында сандық экранды шамадан тыс пайдаланумен байланысты тәуекелдерді, соның ішінде орынсыз мазмұнға ұшырау, желідегі қудалау және ұйқының бұзылуын көрсететін көптеген ғылыми зерттеулер келтірілген. Президент Эммануэль Макрон соңғы айларда парламенттік пікірталастарды 2026 жылдың қаңтарында бастауға ниетті екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, биылдан бастап Түркия елінде де балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынады.