95-E10 бензині бір аптада тағы 2,3 еуроцентке қымбаттап, баға қатарынан алтыншы апта өсіп келеді.
Елде көп тұтынылатын дизель отынының орташа бағасы өткен аптаның соңында литріне шамамен 2,29 еуроға жетті. Бұл бір апта бұрынғы көрсеткіштен 3,4 еуроцент жоғары. Дизель бағасы 2025 жылғы сәуірде тіркелген тарихи максимумға – 2,31 еуроға жақындады.
Бағаның өсуі TotalEnergies жанармай бекеттерінде бензин бағасын 1,99 еуро, дизельді 2,25 еуро деңгейінде шектеу енгізгеніне қарамастан жалғасып отыр.
Басылым Франциядағы жанармай дағдарысы ушығып бара жатқанын атап өтті.
Бағаның өсуіне негізінен Таяу Шығыстағы қақтығыс пен Ормуз бұғазы маңындағы жағдайға байланысты әлемдік мұнай бағасының қымбаттауы себеп болып отыр.
Айта кетейік, бүгін ғана Brent мұнайының бағасы 110 долларға жақындады.
Ал Сауд Арабиясындағы мұнай құбырының тоқтауы әлемдік мұнай көлемінің 4%-ына қауіп төндірді.
Сондай-ақ еліміз мұнайды көбірек өңдеп, шикізат экспортын азайтпақ.