Францияда бес өрт сөндіру бөлімінен құтқару құралдары ұрланды

АСТАНА.KAZINFORM - Францияда Парижде өрт сөндірушілердің жұмысқа қажетті ресурстарды көбейтуді талап етіп өтетін акциясы қарсаңында бес өрт сөндіру бөлімінен апаттық-құтқару жабдықтары ұрланған, деп хабарлайды, Анадолы.

Фото: Anadolu

Franceinfo қоғамдық телеарнасының мәліметінше, осы айда Рона департаментіндегі төрт өрт сөндіру бөлімінен және Изер департаментіндегі тағы бір бөлімнен жабдықтар ұрланған.

Өрт сөндіру бөлімдерінен жол-көлік оқиғасынан кейін көлікте қысылып қалған адамдарды құтқару үшін қолданылатын гидравликалық авариялық-құтқару қайшылары ұрланған.

Құны бірнеше мың еуроны құрайтын бұл жабдық өрт сөндірушілердің жұмысы үшін аса маңызды. Ұрлық фактілері бойынша тергеу басталды.

Биыл аптап ыстықтан зардап шеккен Францияда орман өрттерінің салдарынан 117 мың гектар жер өртеніп кетті.

Өрт сөндірушілер өз міндеттерін тиімді орындау үшін қаржыландыру мен қызметкерлер санын арттыруды талап етіп отыр. Осыған байланысты олар 29 қыркүйекте Парижде наразылық акциясын өткізуді жоспарлап отыр.

Бұған дейін Францияда орман өрттеріне қатысы бар деген күдікпен 500-ге жуық адам ұсталғаны хабарланған.

Тәжікстанда кедейлік деңгейі 83%-дан 19%-ға дейін төмендеді.