Жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00 шамасында электр қуатының үзілуі басталып, Канн халықаралық кинофестивалінің жұмысына әсер етті. Француздық RTE электр компаниясының мәліметінше, Канн, Антиб, Манделье және тағы бірнеше қала зардап шеккен.
Электр қуатының үзілуіне екі оқиға себеп болғаны айтылды. Біріншісі - Вар департаментіндегі Таннеронда жоғары вольтты қосалқы стансада болған өрт, екіншісі - бірнеше сағаттан с Сент-Кассиен көлі аймағындағы электр беру мұнарасының құлауы.
RTE хабарлауынша, жарықтың өшуі диверсия салдарынан болуы мүмкін. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізілуде.
Еске сала кетейік, Франция ЕО-ға бюрократиямен күресте белсенді болуды ұсынды.