Францияда Лекорню басқаратын жаңа үкімет құрамы жарияланды

Фото: defense.gouv.fr

АСТАНА. KAZINFORM — Себастьен Лекорню премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан соң екі күннен кейін Франция өзінің жаңа үкіметінің құрамын жариялады. Бұл туралы DW агенттігі жазды. 

Үкіметтің бірінші отырысы 14 қазан күніне жоспарланған.

Жаңа француз үкіметінің құрамы Себастьен Лекорню премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан соң екі күннен кейін жарияланды. Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро, Экономика және қаржы министрі Ролан Лескур, Мәдениет министрі Рачида Дати және Әділет министрі Жерар Дарманин өз орындарында қалды.

— Жаңа кабинеттегі 30-дан астам министр, премьер-министрдің орынбасары және вице-министрлер арасында қоғамға аса танымал емес тұлғалар да бар, — делінген ақпаратта.

Осыдан екі күн бұрын Макрон Себастьен Лекорнюді Францияның премьер-министрі етіп қайта тағайындаған болатын.