БЕЛТА деректеріне қарағанда, өртті сөндіруге Валь-д’Уаз департаментінің шамамен 60 өрт сөндірушісі жұмылдырылған.
Ресми мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі әзірге анықталмаған.
Әлеуметтік желілерде әуежай маңынан көтерілген қою қара түтін түсірілген видеолар тараған.
Халықаралық авиациялық оператор Groupe ADP мәліметінше, от шыққан қойма әуежай инфрақұрылымына кірмейді.
Компанияның хабарлауынша, өрт әуе қозғалысына әсер етпеген.
Parisien басылымы да қозғалыс кестесінде бұзылу тіркелмегенін жазды.
Осыған дейін Францияда жол-көлік оқиғасынан төрт адам мерт болғаны туралы жаздық.