Франция премьер-министрі кеңсесінен жіберілген нұсқаулықта үкімет шенеуніктерінен телефондарындағы Telegram, WhatsApp және Signal хабар алмасу қолданбаларын өшіру сұралған. Бұл туралы Анадолы агенттігі Le Figaro басылымына сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды Kazinform.
Құпия ақпараттар айтылатын кеңестердің «қауіпсіздігін күшейтуге» бағытталған нұсқаулықта үкімет мүшелері Olvid отандық хабар алмасу қосымшасын 8 желтоқсаннан кешіктірмей орнатуы керектігі айтылған.
Құжатта Olvid қосымшасының ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық агенттік (ANSSI) беретін «бірінші деңгейлі қауіпсіздік сертификатын алған жалғыз қосымша» екені айтылған.
Olvid компаниясын 2019 жылы француз киберқауіпсіздік сарапшылары жасап шығарған.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.