Экономика мен тұрғындарының саны жөнінен Еуропалық одақтағы ірі мемлекеттердің бірі саналатын, сондай-ақ ядролық қаруы бар ел басшылығына «Ұлттық бірлестік» оңшыл тобы басшылық ететін оппозициялық үкімет келуі мүмкін.
Сондай-ақ солшыл «Жаңа халық майданы» мен «Бәріміз бірге республика үшін» президенттік партиясы да жеңістен үмітті.
Франциялық сайлаушылар 557 округтің 501 сайлау учаскесіне шақырылып, онда депутаттар бірінші кезең бойынша сайланды.
Билік сайлаудан соң қақтығыстар болуы ықтимал деген болжам жасап отыр. Осыған байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 30 мың полиция қызметкері жұмылдырылады.