Ызалы жанкүйерлер полициямен қақтығысып, көліктер мен көше мүліктерін қиратты. Сәрсенбі күні таңертең Париж полиция префектурасы жариялаған алдын ала есепке сәйкес, әлем чемпионатының жартылай финалына байланысты іс-шаралар кезінде қалада 141 адам тұтқындалды.
- Бұл тұтқындау негізінен құқық қорғау органдары қызметкерлері мен төтенше жағдай қызметіне бағытталған пиротехникалық минометтерді қолдануға байланысты. Бақытымызға орай, бұл әрекеттердің салдарынан ешкім ауыр жарақат алған жоқ, - делінген полиция департаментінің мәлімдемесінде.
Бір күн бұрын Парижде 98 адам тұтқындалды. Ең шиеленісті жағдай Лионда болды. Матчтан кейін бір топ адам полиция қызметкерлеріне бағыттап пиротехника мен басқа да заттар лақтырды. Қаладағы қақтығыстар кезінде жиырма адам ұсталды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Францияның әлем чемпионатының жартылай финалына шыққаны хабарланған болатын.