АСТАНА. KAZINFORM – Францияның оңтүстігіндегі Эро департаментіндегі биоотын шығаратын зауытта болған жарылыс салдарынан бір адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Trend .
Оқиға Saipol зауытында болған. Жарылыс өртке ұласқан. Қазір толықтай оқшауланған.
Барлығы 200-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Билік зиянды химиялық заттардың тарап кету қаупі бойынша тексеру жүргізіп жатыр.
Оқиғаның себебі анықталуда, аумақ қоршауға алынған.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы