Францияда жаппай ереуіл шарап, шампан, коньяк және басқа да алкогольдік сусындарды шығаратын 26 компанияның жұмысын тоқтатты.
LCI телеарнасының хабарлауынша, Францияның солтүстік-шығысындағы Шампан-Арденна аймағындағы Ruinart және Malt & Chandon қызметкерлерінің 80%-ы ереуілге шықты. Олар басшылықтың жыл сайынғы сыйақыны алып тастау шешіміне наразылық ретінде жұмысын тоқтатты.
— 1967 жылы аталмыш сыйлықақы енгізілгеннен бері мұндай жағдай бірінші рет болып тұр. Кәсіподақтар бұл төлемдерсіз жалақының жоғалуы шамамен 10-15%-ды құрайды деп есептейді. Сондықтан ол кейбір жұмысшылар үшін өте маңызды, - деп жазады басылым.
Мәлімдемеде бонусты жою туралы шешім сектордағы нашар көрсеткіштерге байланысты болуы мүмкін екені баяндалған.
Телеарнаның мәліметінше, бірінші тоқсанда саланың көрсеткіші 33%-ға төмендеген. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 36%-ды құрады. Бұл Қытайдың франциялық коньяк импортына шектеу қоюымен, сондай-ақ жетекші экспорттық нарық АҚШ-та тұтынудың төмендеуімен байланысты екені айтылып отыр.
Бұқаралық ақпарат құралдары мұндай ереуілдер сәнді тауарлар сегменті үшін сирек кездесетінін атап өтті.
Бұған дейін Францияда кезекті ұлттық ереуіл 2 желтоқсанға жоспарланғанын жазған едік.