Франциядағы Луара өзені таязданып кетті

АСТАНА. KAZINFORM – Франция Луара өзенінің таяздануына байланысты ауыз суға шектеу қойыла ма деп алаңдаулы, деп хабарлайды Белта.

Фото: видеодан алынған кадр

Өзендегі су деңгейі өте төмен деңгейге түсті. Аптап ыстық пен құрғақшылыққа байланысты өзен арнасы барған сайын ашық болып барады.

Фото: видеодан алынған кадр

Луароксанс қаласының мэрі Жан-Пол Юэнің айтуынша, Луара өзеніндегі су деңгейі ақпан айымен салыстырғанда 8-9 метрге төмендеген, сол кезде аймақта су тасқыны болған.

Әкім сондай-ақ жақын арада жаңбыр жаумаса, қала ауыз суға уақытша шектеулер енгізуі мүмкін деген алаңдаушылық білдірді.

Луара өзеніндегі су деңгейінің төмендігі Рейн мен Дунай сияқты басқа еуропалық өзендердегідей соңғы айлардағы жауын-шашынның жеткіліксіздігі мен ерекше ыстық ауа райымен байланыстырылады.

Фото: Wikipedia

Луара өзені таязданғанға дейін осындай болған еді.

Арнайы Kazinform үшін Белта серіктес агенттігі ұсынған.

Францияда бірнеше күнге созылған күрестен кейін орман өрті бақылауға алынғанын жазған едік.