Францияға «Педро» дауылы жақындап келеді

Фото: видеодан алынған скрин

АСТАНА. KAZINFORM – «Педро» дауылы басқан аумақтарға нөсер жаңбыр алып келмек, деп хабарлайды Еuronews

Францияның батысындағы төрт департамент су тасқыны қаупіне байланысты ең жоғары дайындық режиміне көшті. «Қызыл» дабыл деңгейі Приморская Шаранта, Жиронда, Ло и Гаронна және Мен и Луара департаменттерінде жарияланған.

Тағы тоғыз департаментте «Педро» атты жаңа күшті дауылдың жақындауына байланысты «қызғылт сары» дабыл режимі енгізілді.

Алдыңғы күнгі қысқа мерзімді тыныштықтан кейін Бретань аймағында жауын-шашын қайта басталды.

Экологиялық көшу министрі Моник Барбю «1959 жылдан бері болмаған топырақ ылғалдылығының рекордтық деңгейін» атап өтіп, мұны климаттың өзгеруімен байланыстырды.

Министр сондай-ақ үкімет қолайсыз ауа райынан зардап шеккендерге қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Ло и Гаронна департаментінде сейсенбі күні шамамен 1700 адамды эвакуациялауға тура келген. Ал Анже қаласының мэрі «соңғы 25 жылда болмаған су тасқыны деңгейі» туралы мәлімдеді.

Айта кетелік Францияның оңтүстік-батысында 100 мың гектардан астам жер су астында қалған еді.