Францияның 14 департаментінде аптап ыстыққа байланысты «қызыл» деңгейдегі дабыл жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM — Францияның оңтүстігіндегі 14 департаментте аймақты шарпыған қалыптан тыс аптап ыстыққа байланысты «қызыл» деңгейдегі дабыл жарияланды, деп жазды Анадолы агенттігі.
Француз БАҚ-тарының хабарлауынша, күшті ыстық толқыны негізінен елдің оңтүстік-батысында орналасқан департаменттерді қамтыды.
Францияның метеорологиялық агенттігі Meteo-France мәліметіне сәйкес, Од департаментінде ауа температурасы Цельсий бойынша 42 градусқа, ал Рона департаменті мен Лион қаласында 41 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
Апаттық ыстыққа байланысты «қызыл» деңгейдегі дабыл жарияланған департаменттер қатарына мыналар кіреді:
Жиронда, Дордонь, Ло-и-Гаронна, Ланды, Ло, Тарн-и-Гаронна, Жер, Тарн, Жоғарғы Гаронна, Рона, Изер, Дром және Ардеш.
Од департаментіндегі жағдайға ерекше назар аударылып отыр. Бұл өңірде биылғы жылы 16 мың гектардан астам табиғи аумақты жойған ірі орман өрті болған еді. Бұл аймақта әлі де төтенше ауа райы жалғасып жатуына байланысты «қызыл» деңгейдегі дабыл сақталмақ.
Айта кетейік, Испанияда аптап ыстықтан 1060 адам қаза тапты.